Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Ақтөбе облысында білім беретін 22 мекеменің құрылысы жүргізілуде

Ақтөбе облысында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 22 білім беру нысанының құрылысы жүруде, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе30 Қыркүйек , 19:40

 «Ағымдағы жылы 3425,9 млн теңгені құрайтын 22 білім беру нысанының құрылысы жүзеге асуда. Оған республикалық бюджеттен 1308,3 млн теңгені құрайтын 5 жоба, жергілікті бюджеттен 2117,6 млн теңгені құрайтын 17 нысан жүзеге асуда», - деп хабарламада жазылған. 

Жаңа оқу жылына олардың 10-ы есігін айқара ашты. Тағы 3 мектеп пен 1 балабақша ағымдағы жылдың соңына дейін ашылмақ.

Атап өтілгендей, облыста мектепке дейін мекемелер саны 27 пайызға өскен.

«Жалпы, «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі мекемелер саны 141 бірлікке дейін өсті. Олардың 60 балабақша болса, 81 шағын орталықтар. Жалпы орын саны -7768. Бұл мектепке дейінгі балалалр санын 14323 қамтып отыр. Жүйе бойынша 27,2 пайызға өсті», - деп әкімдіктің хабарламасында жазылған.

Оған қоса, 1060 орынға шақ 9 балабақша салынды. 7 балабақша 1480 орындық уақытынан бұрын тапсырылды. 32 мекеме қайта жөндеуден өтті, олар 1565 орынды  мектепке дейінгі мекеме, 74 мектепке дейінгі шағын орталықтар мен 9 жеке меншік балабақша және Ақтөбе мен Алғын аудандарында 150 орынға шағын тұрғын үй салынды.

Жалпы, 2010 жыл мен 2013 жылға 7718 орынды құрайтын 132 мектепке дейінгі мекеме салынды.


 

 




Яндекс.Метрика