Шағын және орта бизнесті дамыту

2013 жылы ҚР-да жасөспірімдердің стартап-жобалары байқауын ұйымдастыру жоспарланып отыр

Ағымдағы жылы Қазақстанда жасөспірімдердің бизнес-идеялары байқауын ұйымдастыру жоспарланып отыр, деп хабарлады Strategy 2050.kz порталына «Атамекен» Одағының» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рахим Ошақбаев.
Казахстан30 Қыркүйек , 19:28

«Атамекен Startup»  аясында біз аймақтарға шығып жасөспірімдер арасында жеті конкурс ұйымдастырдық. 2013 тек қана облыс орталығында емес, шағын қалаларда да жас өспірімдердің стартап-жобалары байқауын ұйымдастыру жоспарланып отыр», - деді Р.Ошақбаев.

Оның айтуыша, жоба шеңберінде жастарға білікті жетекшілердің жетекшілігімен идеяларын бизнес-план түсіне дейін жетілдіріп,қазылар алдында қорғауға мүмкіндік алады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлық алмақ.

«Байқауды өткізе отырып, біз жастардың қызығушылығын байқадық. Түрлі қалаларда жаңа жобаларға қаржы салғысы келген біздің спонсорлар өткізген шараларымызға қатысты. Біздің арамыздан шыққан жобалар үлкен компаниялардың да қызығушылығын оятты. Сондай компаниялардың бірі ағымдағы жылы STARTUP жобасын қолдауға қаржы бөлді», - деді Р.Ошақбаев.

 

 




Яндекс.Метрика