Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі

Қызылорда облысында ШОБ дамытуға 2013 жылы 3 млрд теңге бөлінді

Қызылорда30 Қыркүйек , 18:33

Қызылорда облысында ағымдағы жылы шағын және орта бизнесті несиелеуге 3 млрд теңге бөлінді,деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

 «Ағымдағы жылдың басынан бастап 6 мың жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық көрсеткіші орта республикалық деңгейден аспады 5,2 пайыз құрады. Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту қажет. 2013 жылы шағын және орта бизнесті дамыту үшін 3 млрд теңге бөлінді», - деп хабарламада жазылған.

2012 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік агенттік жүргізген статистикаға орай Қызылорда облысы ел бойынша 16-шы орында тұр. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ақпараты бойынша, құрылыс пен салық саласынан мемқазына көрсеткішінен облыс көш бастап тұр.

«Қарағанды облысының аймақтық дамуы ШОБ 40 пайыз, ал бізде 10 пайыз. Демек, бізге ауыл аймақтарда кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын дамыту қажет. Себебі,облыстың 60 пайызы елді-мекендерде қоныстанған», - деп Қырымбек Көшербаев айтты.

Қызылорда облысының 21 пункті Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырына қосылады. Бұл барлық облысты газбен қамтамасыз етеді. 




Яндекс.Метрика