Ұлттық интеллигенциясының рөлі

ШҚО Зыряновск қаласындағы көшеге академик Арықтай Қаюповтың аты берілді

Зыряновскте қала күні мерекесі қарсаңында академик Арықтай Қаюповтың атына берілген көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Академиктің еңбек жолы мен ғылыми зерттеулері ондаған жылдар бойы қаланың күн көріс көзіне айналған Малеевск өндіріс орнымен тікелей байланысты, деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан30 Қыркүйек , 18:54

Шараны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы ашып, қала мен қала тұрғындарына өсіп-өркендеуді тіледі.

Артынша Зыряновск ауданының әкімі Сәлімов Ермак Бидахметұлы сөз алды. Көшені салтанатты ашу құрметі академиктің туысы Қаюпова Нина Әмірқызы мен ҚР еңбек сіңірген геологы Кудрявцев Анатолий Федорұлына бұйырды.

Дәл осы күні Зыряновскте аудандық III «Қазақстандық патриотизм көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда жетістік негізі» атты жасөспірімдер форумы өтті.

Форум бағдарламасында әкім сыйлығының номинаттарына «Зыряновск ауданының жастары-2013» бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысқаны үшін естелік сыйлықтар тапсырылды.




Яндекс.Метрика