Евразиялық одақ

Астанада қоршаған ортаны қорғау Кеңесінің отырысы болып өтті

Астанада ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың төрағалығымен қоршаған ортаны қорғау Кеңесінің отырысы болып өтті.
Казахстан30 Қыркүйек , 18:50

Отырысқа Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және ЕуразАзЭК мүшелері қатысты.

Нұрлан Қаппаров Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуінің Концепциясының бағыттары туралы айтып өтті.

 «Жарты жыл ішінде Концепция жүзеге асу барысында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің даму жоспарын құрастырды. Стартегия-2050 – дамудың басты бағыттарын айқындайтын басты құжат. Біз құрастырған мемлекеттік бағдарламалар мен концепциясының барлығы елдің дамуына бағытталған. Осындай мақсатар Қазақстанның 30 елдің қатарына кіруге септігін тигізеді», - деп Нұрлан Қаппаров атап өтті.

Отырыс барысында ЕуразАзЭК қатысушы-елдер қоршаған ортаны қорғау мәселесін талқылады. Сонымен қатар, 2014-2015 жылдарға арналған қоршаған ортаның даму жоспары талқыланды. 

Қоршаған ортаны қорғау Кеңесінің Төрағалық  лауазымына ЕуразАзЭК Интеграциялық Комитеті бір пікірге келді. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоршаған ортаны қорғау Кеңесінің Төрағасы болып Ресей Федерациясының  Экология және табиғи қазба байлықтар министрі Сергей Донской болып тағайындалды.

 




Яндекс.Метрика