Жаңа қазақстандық патриотизм

«G-Global-ды» Шығыс Қазақстан облысында қолдады

Шығыс Қазақстанның саясаткерлері, экономистері мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, бизнес пен жастар ұйымдарының өкілдері Елбасының G-Global бастамасына қолдау білдіруде. Студенттермен кездесуге ҚР Парламентінің Сенаторлары Сергей Плотников пен Серік Нөгербеков қатысты.
Шығыс Қазақстан30 Қыркүйек , 09:42

Жиналғандар алдында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев өз баяндамасында Ұлт көшбасшысының алға қойған мақсатын айқындап берді.

 ««G-Global» – бұл ғаламның бейжай емес тұлғалары әлемдің даму мәселелерін талқылайтын көпфункционалды Интернет платформа. Қазақстан мен әлем ойшылдарының әлеуметтік желісінде бүкіл ғаламшардың болашағына әсер етуші мәселе. Бүгінгі таңда бұл платформа әлем қауымдастығын қазіргі заманның ғаламдық шақыруларын талқылау бойынша ұсыныс шығару үшін біріктіріп отыр», - деді Бердібек Сапарбаев.

G-Global аз уақыт ішінде 160 мемлекетті қосты. Жобаны 14 нобель сыйлығының лауреаты қолдады: Роберт Манделл, Джон Нэш, Роберт Корнберг, Эрик Маскин, Джон Ауманн, Финн Кидланд, Джеймс Миррлис және өзге де ғылым, білім өкілдері.

 




Яндекс.Метрика