Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Денсаулық сақтау саласына мемлекеттік қаржыландыру 10 есеге өсті

Қазақстандық ауруханалар медициналық көмек көрсететін нарықтық компанияларға айналуда. Соңғы 10 жылда денсаулық сақтау саласына мемлекеттік қаржыландыру 10 есеге өсті, деп мәлімдеді «Ұлағатты Медицина» журналының редакторы, э.ғ.к Марат Қайырленов.
Казахстан30 Қыркүйек , 18:32

Оның айтуынша, мемлекеттік қаржыландыруға қарамастан, клиникаларды компанияларға айналдырып жіберуіне мемлекеттік медицина мекемелерінде медициналық қызметтерге төлем жүйесінің шығарылуы мен науқастардың медициналық мекемелерді таңдау еркіндігінің болуы, мемлекеттік медицина мекемелерінде өзінше шаруашылықтың етек жаюы.

«Осыларды айта келіп, ауруханалырдың медициналық қызмет көрсететін нарықтық компанияларға айналғанын көруге болады. Біз бір жағынан мемлекттік медицина мекемелерінің біліктілігінің артқанын көріп отырсақ, екінші жағынан жекеменшік денсаулықсақтау ұйымдарының да қарқынды өріс алып келе жатқанын байқаймыз. Ал дамудың ең жоғарғы формасына қол жеткізген компаниялар қор биржаларына өздерінің  акцияларын салып жатыр», - деді М.Қайырленов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда медициналық мекемелерге шетелдік тәжірбиелерге сүйене отырып Халықтық IPO-ға қатысуға ұсыныс тасталды. «Ұлағат Бизнес Групп» консалтингтік компания өкілдері мен «Ұлағатты Медицина» іскерлік медициналық журналы өкілдері отандық медицинаны дамытуға бағытталған зерттеу жұмыстарының қорытындысымен таныстырды

 




Яндекс.Метрика