Балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері

ДСМ кінәратпен туылған сәбилерге көрсетілген хирургиялық көмектің анализын дайындауды жоспарлап отыр

ДСМ кінаратпен туылған сәбилерге көрсетілген хирургиялық көмектің анализын дайындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Казахстан30 Қыркүйек , 08:22

«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы негізінде ДСМ тарапынан сәбилердің шетінуі жөнінде Координацилық орталық құрылды. Мақсаты – халықаралық стандарттарға сай, жаңа туылған сәбилерге республиканың әр аймағында медициналық көмек көрсеті. Аталмыш жоба шеңберінде елімізде кінаратпен туылған сәбилерге көрсетілген хирургиялық көмектің анализын дайындауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сай емдау-диагностикалық ұйымдар кешен құру мен іске асыру, жаңа технологиялармен аймақтарда шетінеуге байланысты ағарту шараларын өткізу», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында шетінеуге байланысты хирургиялық көмек көрсетудің ең тиімді жолы көрсетіледі. Операция қондырғылары заманауи құралдармен жасақталған. Негізгі деген мамандар шет елдің оқу орындарында біліктіліктерін арттырған. Сонымен қатар, Ресей, Австрия,Германияның мамандары тарапынан мастер-класс өткізіліп тұрады.

Орталықтың жетекші мамандары тарапынан кеуде органдарының клеткалары ауруымен асқынуы кезінде лапароскопикалық араластырулар енгізілген.

 




Яндекс.Метрика