Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасы

Павлодар облысында индустриалды инфрақұрылысты дамытуға 2013 жылы 1 млрд теңге бөлінді

Павлодар облысында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы индустриалды инфрақұрылысты дамытуға 1 млрд теңге бөлінді, деп облыстың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар30 Қыркүйек , 18:22

 «2013 жылы республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді, оның ішінде -1,6 млрд теңге индустриалды инфрақұрылым саласын дамыту үшін», - деп хабарламада нақтыланған.

Бірінші бағытқа сәйкес 2013 жылы 1 847 млн теңге бөлінді, кепілдемелікке 150 млн теңгесі жіберілді. Бағдарламаның жүзеге асуына 58,8 млрд теңгені құрайтын 328 жоба қарастырылды.  

Атап өтілгендей, 293,8 млн теңгені құрайтын несиелік жобаның 32 жүзеге асты.

Шағын және орта бизнестің көрсеткіші 28,9 мыңға дейін, олардың жұмыспен қамтылуы 6,3 пайызға тең.

Тауардың шығу ауқымы 224,1 млрд теңгені құрайды.

Жалпы, барлық бюджеттен 118,4 млрд теңге түскен.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджет 539,3 млн теңгеге төмендеп, 6849 млн теңгені құрады.

 




Яндекс.Метрика