Үкімет

Ақтөбеліктер Елбасына ұдайы көңіл бөлгені үшін алғыс айтты - Ақорда

ҚР Президенті Ақтөбе облысы жұртшылық өкілдерінен ресми хат алды, деп Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Желтоксан , 16:37

Авторлар өз хатында өтіп бара жатқан жылы өңірде қол жеткізілген оң нәтижелер туралы баяндаған.Атап айтқанда, олар «Жезқазған–Бейнеу» теміржол желісін іске қосудың экономикалық пайдасына тоқталған.

«Осы жолдың бойында орналасқан 14 пункте жүздеген жұмыс орны ашылып, жаңа әлеуметтік нысандар салынуда. Бұл экономикалық көрсеткіштерді күрт көтеріп қоймай, алыс елді мекендердегі тұрғындардың өмірін жақсарта түседі», – деп жазады авторлар.

Жұртшылық өкілдері республикалық, сондай-ақ халықаралық маңыздағы бірқатар жобалардың да жүзеге асырылғанына назар аударады. Олардың қатарында Жаңажол газ өңдеу зауыты, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбедегі жаңа ферроқорытпа зауыты бар. Осы жобалардың құнының өзі 2,5 миллиард доллардан асқан.

Авторлар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың да нәтижелеріне тоқталған.

«Облыс тұрғындарының 91,3 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, Ақтөбе қаласының және Алға, Шалқар, Қандыағаш, Бадамша секілді аудан орталықтарының жылумен қамтамасыз ету жүйесі жаңартылды», – делінген хатта.

Сонымен қатар хатта елді мекендерді газдандырудың маңызын, сондай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі мен құрылысы жоспарланған «Астана – Ақтөбе – Атырау» автомагистралінің өңір экономикасын бұдан әрі дамытуда алатын айрықша рөлі атап өтілген.

Соңында хат авторлары Мемлекет басшысына өңірге ұдайы көңіл бөліп отыратыны үшін алғыс айтып, Ақтөбені агломерациялық орталыққа айналдыру жөніндегі жауапкершілігі зор міндетті жүзеге асыру үшін аянбай еңбек ететіндерін жеткізген. 

 




Яндекс.Метрика