Адами капитал

Қазақстанда өндірістік бақылау – ХАССП жүйесі 2015 жылы енгізіледі

Қазақстанда өндірістік бақылауды енгізу – ХАССП жүйесін 2015 жылы енгізеді, деді ОКҚ брифингінде ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиакпар Мәтішев.
Астана қаласы30 Желтоксан , 16:19

«2015 жылы елде баламалы тексеріс енгізіледі. Оның бірі - өндірістік бақылауды енгізу – ХАССП жүйесі. Бұл өзін-өзі қадағалау жүйесі, ол тұтынушылардың құқығын қорғау органдарының серіктестігі негізінде құрылады. Бүгінде ДСҰ-на кіру арқылы қадағалаудың құзіреті өсуде. Бұл жерде өнімнің сапалығы мен қауіпсіздігі сақталады», - деді Ә.Мәтішев.

Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша заңның қабылдануымен тексерулер объектілердің тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін енгізу негізінде жүргізілетін болады.

«2015 жылы тексеру жүргізудің баламалы  нысандарын:санитариялық-эпидемиологиялық аудитті – халықтың санэпидемиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын сақтаудың тәуелсіз аудиті, өндірістік бақылауды енгізу – ХАССП жүйесін енгізу жоспарланып отыр», - деді ол.

Субъектілердің тексерулердің аталған баламалы нысандарын бақылауды қабылдауы тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары тарапынан тексеруді болдырмауға мүмкіндік береді.

«2015 жылғы екінші жартыжылдыққа тексеру жүргізу кестесін құрғанға дейін бақылау субъектілерінде аталған ынталандыратын компоненттерді енгізу мүмкіндігі бар», - деді ол.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика