Адами капитал

С.Ақбердиева: ҚР Президентінің бастамасы - барша қазақстандықтардың жеңіске деген алғысы

ҚР Президентінің бастамасы - барша қазақстандықтардың соғыс жылдарында көрсетілген ерлікке деген алғысы, дейді "Оңтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт этномәдени орталығы" ҚҚ төрайымы Саима Ақбердиева Strategy 2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Казахстан30 Желтоксан , 17:58

2015 жыл Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналмақ. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2015 жылы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау бойынша жалпыұлттық науқаны өтеді. 

"Оңтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт эктомәдени орталығы" ҚҚ төрайымы Саима Ақбердиеваның айтуынша, ҚР Президентінің бастамасы - барша қазақстандықтардың соғыс жылдарында көрсетілген ерлікке деген алғысы. "Жыл сайын біз бір кездегі тарихи ерліктен алыстап бара жатқандаймыз. біздің бәріміздің ортақ міндетіміз - ардагерлерімізді құрметтеп, тарихи ерлікті дәріптеу", - дейді ол. 

"Оңтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт эктомәдени орталығы" ҚҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау бойынша ҚР Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың жалпыұлттық науқаны бастамасын қолдайды және аталмыш шараны ұйымдастыруға белсенді атсалысады. "Қоғамдық бірлестіктер ардагерлерді назардан тыс қалдырмай, осы мақсаттағы жұмыстарға белсенді ат салысады", - дейді Саима Ақбердиева.

Оның айтуынша, әрбір ардагер туралы карта дайындап, этномәдени бірлестіктер жастар қанатымен бірлесіп мақсатты түрде әрбір ақсақалға ерекше көңіл аударып, оларға құрмет көрсетіп, түрлі бастамаларды қолға алуы керек. Біздің тарапымыздан көрсетілген кез келген марапат ол кісілердің төбелерін көкке жеткізіп, бір марқайтып тастайды. 

«Облыста ардагерлер өмірінің әлеуметтік шарттары мен тұрғын жағдайларын жақсартуға бағытталған жұмыстар қолға алынуда. Бұл дегенмен әлі де жеткілікті емес. Ардагерлерге рухани қолдау көрсетіп, кездесулер ұйымдастырып, мерейтойларымен құттықтау керек", - дейді.




Яндекс.Метрика