Адами капитал

ҰОС ардагерлерін қолдау бастамасы Президент көрегендігінің айғағы – Шахшаев

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау жалпыұлттық акциясы бастамасы Президент көрегендігінің айғағы, деді Strategy 2050.kz АА берген сұхбатында Маңғыстау облысы «Дағыстан» Дағыстан халқы мәдениет орталығының төрағасы Юсуп Шахшаев.
Казахстан30 Желтоксан , 17:21

«Мерей тойды күту міндетті емес, жаңа жылда келіп құттықтау өте орынды. Осындай құрметті жасқа жеткен қариялардың әр күні қымбат тұрады. Менің пікірімше, бұл құттықтаулар мен жылы лебіздер Жаңа жыл қарсаңында ардагерлерге сыйлық пен қуаныш әкелді. Мен Елбасының бұл ісін мақтан тұтамын», - деді Ю.Шахшаев.

Оның айтуынша, Президенттің бастамасы адамдарға қамқорлық көрсету, мейірімділік, қамқорлық саласында жаңа серпін берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әр Жолдауында адам өмірі мемлекеттің ең басты құндылығы екенін атап өтеді.

«Мен соғыстан кейін 1952 жылы дүниеге келдім. Менің әкемнің бес ағасы соғысты артта қалдырды. Ортаңғы ағасы Сталинград түбінде қаза  тапты, оның есімі Мәскеудегі Мамаев қорғанында мраморда жазылған. Қалған төртеуі соғыстан наградалармен оралды. Ал, әкем Беларусь партизаны болды. Әрбір ардагер – ол батыр. Ешкімнің аты ұмытылмайды, олардың ерлігі мәңгі жадта сақталады», - деді ол.

Ю.Шахшаевтың пікірінше, ҰОС ардагерлерін қолдаудың жалпыұлттық акциясы біздің ата-бабаларымыздың дәстүрін еске салып, үлкенге құрмет көрсету ізгілігін байқатты.




Яндекс.Метрика