Адами капитал

Көрсеткен құрмет пен қамқорлыққа разымыз - ардагер

Қарағандыда ҚР Президенті атынан ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Қарағанды30 Желтоксан , 16:43

Қала бойынша қазіргі таңда 180 ардагер болса, облыс деңгейінде бұл көрсеткіш -376.

Қала әкімі Нұрлан Әубәкіров Николай Михайлұлы Архангельскийді құттықтады. Ол 1941 жылы әскер қатарына шақырылған. 1942 жылы фронтқа түсіп, артиллерияда радист қызметін атқарды. Ленинград түбінде шайқасып, Беларусь фронтында Отан қорғап, Германияға дейін жеткен.

Қызыл жұлдыз және II деңгейлі Отан соғысы орденімен марапатталып, "Ерлігі үшін", "Ленинградты қорғағаны үшін", "Беларусьті азат еткені үшін", "Варшаваны азат еткені үшін", "Берлинді алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін", мерейтой наградаларымен марапатталған. 
Одан кейін әкім Мақұдық тұрғыны Нина Николайқызы Сорокинге барды.

«Біз Президентіміздің көрсеткен құрметі мен қамқорлығы үшін алғыс білдіреміз. Қазіргі басты оқиға - Жеңістің 70 жылдығы", - дейді ардагер. 
Сонымен қатар қала басшысы Бүркіт Есжановтың үйіне барып Елбасы құттықтауын жеткізді. 

Тельман ауданы тумасы облысымыздың атынан 1942 жылы фронтқа түскен. 19 жасында. Батыс және Балтық жағалауында шайқасқан. басында минометші болып, кейін әуе құралы бөлшектерінің механигі болды.




Яндекс.Метрика