Адами капитал

Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Президентінің акциясына қосылды

Жаңа жыл қарсаңында комитет қызметкерлері соғыс ардагері Дмитрий Петрович Комаровты құттықтады, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы30 Желтоксан , 19:17

ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі комитет ҚР Президентінің ҰОС ардагерлерін қолдаудың жалпыұлттық акциясына қосылды.

Дмитрий Петрович екі соғыстың қатысушысы – Ұлы Отан соғысы мен орыс-жапон соғысы. Осы қиыншылықтарды ол физикалық дайындығы мен қайраттылығының арқасында артта қалдырды. Соғыстан кейін де ол денсаулығын арттырып, спортпен айналысты, жеңіл атлетика мен шаңғы спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

40 жасында ол шаңғы спорты бойынша  КСРО спорт шебері атанды.

Д.Комаров өзінің спорт қызмиетімен қоғамға айтарлықтай үлесін қосты. Олқайсарлығы мен жігерлігін, Отанына деген махаббатын қанды қырқыстың ортасында жүріп, оны жеңу арқылы көрсетті.

Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Асқар Есімов ардагерді Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.

Соғыс ардагері Қазақстан Президентіне тыл мен соғыс ардагерлеріне көрсетіп жатқан құрметі үшін алғыс білдірді. Келесі жылы біздің ел Ұлы Жеңістің 70-жылдығын тойлайды. Ардагер қиын – қыстау кезеңді  есіне алып,қазіргі бейбіт өмірде сүріп жатқанымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі екендігін айтты.




Яндекс.Метрика