Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату

Ақтөбе облысында әкімдер құзырына 67 мемлекеттік міндет бекітілді

Ақтөбе облысында жергілікті өзін-өзі басқару реформасына сәйкес селолық деңгейде қосымша штаттық бірліктер беріліп, 67 мемлекеттік міндет бекітілді, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе30 Қыркүйек , 17:57

«Нәтижесінде жергілікті өзін-өзі басқару реформасына сәйкес селолық деңгейде қосымша штаттық бірліктер беріліп, 67 мемлекеттік міндет бекітілді. Бүгінде селолық әкімдер салық жинау, бюджетті қалыптастыру және жергілікті мәселелердің шешімін қаржыландыруды тұрғындардың қатысуымен шешуге құқығы бар», - деп жазылған хабарламда.

Белгілі болғандай үстіміздегі жылдың 7 тамызы күні облысымызда баламалы түрде ауылдық маңыздағы 7 қаланың, 139 селолық округ және 3 село әкімдері сайланған болатын. Бұрын әкім қызметін атқарғандардан сайлауға 112 адам қатысып, солардың 102 өз орындарын сақтап қалды.

Жалпы алғанда, әкімдер корпусы отыз пайызға жаңарды. Қойылған міндеттердің сапалы атқарылуы үшін селолық округ әкімдері аппаратының штаттық саны 562-ден 864 бірлікке дейін өсті.

Жергілікті әкімдердің өзіне сеніп тапсырылған аумақта жұмысты тиімді атқаруы үшін Ақтөбе облысы басшылығының ұйымдастырумен тұрақты түрде үйретуші семинарлар өткізіліп келеді. Аталған іс-шара облыс орталығымен қатар облыс аудандарында да өткізіліп отыр. 




Яндекс.Метрика