Алматы облысында 490 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі шығарылды

Алматы облысында 2014 жылғы қаңтар-қарашада 490678,8 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе өткен жылға қарағанда 101,4 %-ға жоғары, деп хабарлады Алматы облысының статистика департаменті.
Алматы30 Желтоксан , 17:01

Кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс 7699,5 млн. теңгені, өңдеу өнеркәсібінде – 420924,7 млн. теңгені, электр жабдықтары, газ, бу беру және ауа баптауда  – 57995,9 млн. теңгені құрады.

Өндіріс көлемінің  неғұрлым үлкен қарқыны Балқаш (130,4%), Қарасай (112,1%) аудандарында байқалды.

Аталған аудандардағы өндіріс көлемнің артуы мынадай өнім түрлерінің есебінен болды: Балқаш – күріш, Қарасай – сары май, өзге де сүт өнімдері, алкогольсіз сусындар, Кербұлақ –түйіршіктер, тас үгіндісі және тас ұнтағы, малта тас, қиыршық тас, шағыл немесе уатылған тас, тауарлық бетон, Сарқан - тауарлық бетон, қиыршық тас және құм, электр энергиясы.




Яндекс.Метрика