Адами капитал

Қаза болған ұшқыштардың отбасыларына жаңа пәтер кілттері табыс етілді (Фото)

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов биылғы жылдың қыркүйек айында оқу-жаттығу кезінде қаза болған ұшқыштар Ерлан Науанов пен Денис Горбуновтың жұбайларына жаңа пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы 30 Желтоксан, 15:38

Кездесу барысында аймақ басшысы Президенттің Жарлығымен мерт болған екі азаматқа ерліктері үшін «Айбын» ордені берілгендігін айтты.

Кездесу соңында Амандық Баталов Ерлан Науановтың жұбайы Мағрипа Науановаға 5 бөлмелі, Денис Горбуновтың жұбайы Любовь Горбуноваға 3 бөлмелі пәтер кілттерін және балаларына Жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. 





Яндекс.Метрика