Ұлттың денсаулығы

Астанада ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталь ашылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Ішкі істер министрлігінің емханасы бар орталық госпиталін салтанатты түрде ашты. Емханасы бар орталық госпиталь халықаралық стандарттарға жауап бере алатын заманауи медициналық және зерттеу жүргізуге арналған құрылғылармен жабдықталған, деп хабарлады ІІМ.
Астана қаласы30 Желтоксан , 15:21

Қазіргі таңда ІІМ ЕБОГ қаланың жетекші емханаларымен, «Астана медициналық университеті» АҚ-мен, операцияларға және ем жүргізуге қатысатын хирургия, урология, кардиология, неврология, терапия кафедраларының қызметкерлерімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол жеткізді.

Орталық госпиталь – 212 орындық, емхана стационары – бір ауысымда 500 адамды қабылдай алады. Жаңа госпиталь республика бойынша барлық тіркелуші контингентке медициналық көмек көрсетеді. Арнайы көмекке зәру құқық қорғау органдарының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, құқық қорғау органдарының ардагерлері тұрғылықты мекенжайына қарамастан жоспарлы тәртіпте ем қабылдай алады.

ІІМ-нің емханасы бар орталық госпиталі – министрліктің әлеуметтік саясатының бөлшегі. Оның қызметі қоғамдық тәртіпті сақтаудың және азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру үшін дені сау әрі жан-жақты мықты кадрлық ресурсты қалыптастыруға бағытталған.

 Орталықтың ашылу салтанатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов әлемдік экономикадағы жағдайға қарамастан, ел Президенті       Н.Ә. Назарбаевтың әлеуметтік қамтамасыз етудің маңызды аспектілеріне ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Үкімет қаражат бөліп, елорда Әкімдігі денсаулық сақтау объектілерінің қатарынан жер орнын бергені Орталықтың елорданың жүйелі құрылып жатқан медициналық кластерімен бітеқайнаса қызмет етуіне оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.

«Астанаға көшірілген кезден бастап күткен ҚР ІІМ-нің емханасы бар орталық госпиталінің ашылуымен ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне көрсетілетін медициналық көмектің сапасы едәуір жақсарады» - деді Қ.Қасымов.




Яндекс.Метрика