Адами капитал

Ұлы Жеңіс халық ерлігінің символына айналды – Исмайылов

Ұлы Жеңіс халық ерлігінің символына айналды, дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмайылов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Казахстан30 Желтоксан , 15:03

Жаңа жыл қарсаңында 2014 жылдың 26-30 желтоқсаны аралығында елде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Елбасының құрмет көрсетуі бойынша ТМД елдерінде баламасы жоқ жалпыұлттық науқан өтіп жатыр.  

«Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы Президентімізді әрдайым қолдаймыз. Менің ойымша, Қазақстан халқы аталмыш шараға белсенді ат салысады», - дейді Шавкат Исмайылов.

Этномәдени бірлестік төрағасының айтуынша, Қазақстан халқының ардагерлерге көрсететін құрметінің бір бөлігі ғана. Біз бейбітшіліктің қадірін түсініп, осы күнге жетуге себепкер болған ардагерлерді құрметтеуіміз керек.

«Жеңіске жеткен сіздердің арқаларыңызда біз ертеңгі күнге еркін жоспар құрып, болашаққа сенімді қадам баса аламыз. Бүгінде ұрпақтың көз алдында Ұлы Жеңіс халық ерлігінің символына айналды», - дейді ол.

Оның айтуынша, Астана әрқашан бейбітшілік пен келісімнің символына айналып, әлемдік деңгейде біріктіруші шаралар ұйымдастырып, халықтардың келісімде өмір сүруіне ұйытқы болуда. 




Яндекс.Метрика