Адами капитал

ҚР-ның әскери бөлімдеріне Жеңіс Жалауы табысталды

Астана қаласының 36-шы десанттық-шабуылшы бригадасының Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске тағзым» атты акция-марафоны аясында қазақстандық әскердің бөлімдеріне Жеңіс Жалауы берілді.
Астана қаласы 30 Желтоксан, 12:32

«Қарулы күштердің жеке құрамы Елбасының бастамасына үлкен қызығушылық танытты. Бұл   ҚР ҚК патриоттық тәрбие береді. Бүгінде біз халқымыздың ауызбіршілігі мен Елбасымыздың арқасында бейбіт елде өмір сүріп келеміз. Жалпы Қазақстанда көтеріліп жатқан бастамалардың барлығын ҚР ҚК жылы шыраймен қабылдайды», - деді тәрбие жұмыстары бойынша құрлық әскері Бас қолбасшысының орынбасары палковник Ж.Хасенов.

ҚР Қорғаныс министрлігінен атап өткендей, Жеңіс Жалауы аймақтарда орналасқан әскери бөлімдерге беріледі. Бұл Жеңіс Жалауын беру эстафетасына жеті әскери бөлім қатысатын болады.

Алғаш болып Астанадан кейін Қарағанды -5 қаңтар, содаң соң  Семей-6 қаңтар, Қапшағай-8 қаңтар, Отар -9 қаңтар, Ақтау-12 қаңтар, Алматы-13 қаңтар. Акция ақталған соң келер жылдың 15  қаңтарында Жеңіс Жалауы «Жас Ұлан» республикалық мектепке беріледі.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика