Басқаруды орталықсыздандыру

Ақтөбе облысында ауылдық әкімдердің корпусы 30%-ға жаңартылды

Ақтөбе облысында аудандық маңызы бар 7 қаланың әкімдері, 139 ауылдық округмен 3 ауылдың әкімдері сайланып, ауылдық әкімдердің корпусы 30%-ғажаңартылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе30 Қыркүйек , 17:19

«Ақтөбе облысында баламалы жолмен аудандық маңызы бар 7 қала, 139 ауылдықокруг пен 3 ауылдың әкімдері сайланды. Бұрын әкім болып жұмыс істеген 112 адамсайлауға түсіп, соның 102-сі өз орындарын сақтап қала алды. Жалпы әкімдердің корпусы 30%-ға жаңартылды»,- делінген хабарламада.

Әкімдер корпусы отыз пайызға жаңарды. Қойылған міндеттердің сапалы атқарылуы үшін селолық округ әкімдері аппаратының штаттық саны 562-ден 864 бірлікке дейін өсті.

Нәтижесінде жергілікті өзін-өзі басқару реформасына сәйкес селолық деңгейде қосымша штаттық бірліктер беріліп, 67 мемлекеттік міндет бекітілді. Бүгінде селолық әкімдер салық жинау, бюджетті қалыптастыру және жергілікті мәселелердің шешімін қаржыландыруды тұрғындардың қатысуымен шешуге құқығы бар.

Жергілікті әкімдердің өзіне сеніп тапсырылған аумақта жұмысты тиімдіатқаруы үшін Ақтөбе облысы басшылығының ұйымдастырумен тұрақты түрде үйретуші семинарлар өткізіліп келеді. Аталған іс-шара облыс орталығымен қатар облыс аудандарында да өткізіліп отыр. 




Яндекс.Метрика