Үкімет

Н.Назарбаев тұрғын үй заңнамасын жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы тұрғын үй заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Желтоксан , 11:57

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.  




Яндекс.Метрика