Адами капитал

Біз Елбасының ықыласын үнемі сеземіз – ҰОС ардагерлері

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов бүгiн бiрқатар Ұлы Отан соғысының ардагерлерiнiң үйiнде болып, Қазақстан Республикасының Президентi — Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың атынан Жаңа жыл мерекесiмен құттықтап, ашық хаттар мен сыйлықтар табыс еттi, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан30 Желтоксан , 14:48

Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы қарсаңында және ТМД елдерiндегi Ардагер жылы қарсаңында бұл шараның маңызы өте зор. Ардагерлерiмiз жас ұрпақтың қолдауын сезiнуi керек. Елбасының бұл ойы ардагерлерге жөнелтiлген ашық хатта жеткiзiледi.

«Сiздiң замандастарыңыздың соғыстағы ерлiктерi мен бейбiт жылдағы еңбектерi, сондай-ақ ел тәуелсiздiгiн нығайтуға қосқан үлесi шын мәнiнде елге-мұра, ұрпаққа –өнеге. Қазақстандықтар мұны әрдайым қастерлейдi, сiздерге шынайы iзет-құрмет пен жан-жақты қамқорлық көрсетуден аянбайды. Алдағы Ұлы Жеңiс мерейтойын есендiкте көрудi жазсын» делiнген құттықтауда.

Елбасының атынан жасалған құрмет ардагерлердi ерекше қуантты. Ұлы Отан соғысы жылдары ұрыс даласына жас дәрiгер болып кiрген Анна Васянова үшiн Жеңiстiң 70-жылдығы үлкен мереке. «Елбасының атынан құттықтау алу үлкен мәртебе. Президентiмiз ұзақ жасасын, еңбегi жана берсiн», — дейдi ардагер дәрiгер.

Ал Ұлы Отан соғысымен қатар Украин соғысын басынан өткерген Мұқатай Айтбаев бүгiнде елiмiзде ардагерлер үшiн жақсы жағдай жасалғанын айтады. «Бүгiнде ардагерлердiң жағдайы жақсы, қандай мереке болса да бiздi ұмытпайды. Жаңа жыл мерекесi қарсаңында бiздi Елбасының өзi құттықтауы бұрын-соңды болмаған жағдай», — дейдi Мұқатай Айтбаев.

Елбасының құттықтауы облыста тұратын 287 ардагердiң әрқайсысына жеткiзiледi. Желтоқсанның 30-на дейiн әрбiр ардагердi мерекемен құттықтап, Ұлт Көшбасшысының сыйлығын жеткiзу жоспарланған.

 




Яндекс.Метрика