Адами капитал

Астанада ҰОС ардагерлері Жоғарғы Бас қолбасшы атынан ұлықталды

Астанада Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ұлықталды.
Астана қаласы30 Желтоксан , 11:49

Астана қаласының 36-шы десанттық-шабуылшы бригадасында Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске тағзым» атты акция-марафон ашылды. Акция Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ұйымдастырылып отыр. Акция-марафон аясында ардагерлерді ұлықтау шарасы өтті.

Ардагерлер ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаевтың атынан сыйлықтар мен құттықтауларға бөленді. Жеңімпаз-жауынгерлерді ҚР Қорғаныс министрлігінің құрметті күзет ротасы қарсы алды.

Сондай-ақ, акция аясында қазақстандық әскердің сарбаздары ел өңірлеріндегі әскери бөлімшелерге Жеңіс Жалаушасын тапсырады.  Жеңіс Жалауын табыстау эстафетасын 7 өңір жалғастырды. Астанадан кейін Жалауды алу құрметіне Қарағанды – 5 қаңтар, Семей – 6 қаңтар, Қапшағай – 8 қаңтар, Отар – 9 қаңтар, Ақтау – 12 қаңтар, Алматы – 13 қаңтарда  ие болады.

Акция қорытындысы бойынша 15 қаңтарда Жеңіс Жалауы ресми түрде С.Нұрмағамбетов атындағы  «Жас Ұлан» республикалық мектебіне табысталады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика