Мәдениетті жаңғырту

СҚО-да ҚХА мен БАҚ өкілдері марапатқа ие болды

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов БАҚ және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабардады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан30 Желтоксан , 18:19

Тәуелсіздіктің нығаюына, ұлттық бірліктің тұрақталуына, мәдениаралық диалогтың дамуына  зор үлес қосқаны үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалiмен» ҚХА өкілдері марапатталды.

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық – саяси дамуы жайындағы  облыстық байқаудың  қорытындысын шығарды, республикалық масс-медиа өкілдері ақшалай сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Салтанатты марапаттау рәсімі 5 номинация бойынша өтті: «Өңірдің экономикасындағы оңтайлы үдерістер», «Ауылдық бастамалардың қоғамдық мағынада шығармашылық тұрғыға ие болуы», «Өңірде мемлекеттік және әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуы», «Объективта – Солтүстік Қазақстан», «Экстремизм мен лаңкестікке қапрсы күрес бойынша ең үздік тақырып».

18 медиа маманның еңбегі аталып өтті.




Яндекс.Метрика