Адами капитал

Павлодар облысында ҰОС ардагерлеріне Елбасы атынан сыйлықтар табысталды

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері Әнуарбек Құсайынов пен Егор Ковлягинге Елбасы атынан сыйлықтар табыстады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар30 Желтоксан , 12:18

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау жалпыұлттық акция аясында өңір басшысы оларды Елбасы атынан құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Әнуарбек Хайдарұлы 1926 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Панфилов ауылында туған. Майданға 18 жасында аттанған. Ардагер Екінші Белорусь фронты құрамында болған. Белоруссия, Польша мен Германияны азат етуге қатысқан.

А.Х. Құсайынов ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының жиырма жылдық жеңісі үшін» және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының отыз жылдық жеңісі үшін» мерейтойлық медальдарымен марпатталған. 

Ұлы Отан соғысының ардагері Егор Ковлягинді де облыс әкімінің құттықтауын қабыл алды.

Егор Павлович 138-ші артиллериялық атқыштар полкінде соғысқан. Ардагер солтүстік-шығыс Қытайды азат етуге қатысқан.

Е.П. Ковлягин ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Жапониядағы жеңіс үшін» және «Совет Одағының Маршалы Жуков» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.




Яндекс.Метрика