Өңірлер

СҚО-ның ІІД мен ТЖД қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшуде

СҚО-ның ІІД мен ТЖД қызметкерлері жаңа жылдық мекерелер аясында күшейтілген жұмыс режиміне көшуде, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
Солтүстік Қазақстан30 Желтоксан , 13:32

«2014 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2015 жылдың 4 қаңтары аралығында Ішкі істер департаменті күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Қосымша патрулдік – пост жасағы көбейтіледі», - делінген хабарламада.

Жалпы күн сайын облыс орталығында 102 патрульдік жасақ шығарылады және оған  барлығы 353 полиция қызметкері жұмылдырылған. Қаладағы 17 мұз қалашықтарға тәулік бойы полиция қызметінің күзеті ұйымдастырылған.

Ал, мерекелік күндердегі өрт қауіпсіздігіне келіп тоқталатын болсақ, Төтенша жағдайлар департаменті облыстық және республикалық маңызда өткізілетін шаралар нысанының тізімін жасақтап қойды. Оған 700-ден астам нысан енгізілген.

Әкімдіктен атап өткендей, басшылық құрам тәулік бойы кезекшілік жүргізетін болады. Әр тәулік сайын 130 өрт сөндіруші, 8 құтқарушы-водолаз, 90 дана өрт сөндіру және арнайы техника кезекшілікке түседі. 




Яндекс.Метрика