Өңірлер

ШҚО-да меморгандардың халықпен жұмыс істеу мәселелері талқыланды

ШҚО ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті жанындағы Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде бірінші отырысы өткізілді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан30 Желтоксан , 14:03

Кеңес барысында  «Шығыс Қазақстан жастар ақпараттық талдау агенттігі» қоғамдық бірлестігімен өткізілген «Жергілікті органдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралардың әсеріне баға беру, сонымен қатар мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа бейім рейтингісін құру», сондай-ақ, ШҚО талдау және болжамдау институтымен өткізілген мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сараптама сұрау (қоғамдық мониторингі), және оның нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органдармен қабылданған шаралар туралы социологиялық зерттеулер қорытындылары қарастырылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Ғ. Досанов Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында Департаменттің ұйымдастыру қызметінің мәселелері мен мақсаттарына толықтай тоқтала отырып, мемлекеттік органдардың қоғаммен және халықпен өзара іс-қимыл жасауда Қоғамдық кеңестің рөлін атап өтті. 

Қоғамдық кеңестің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарының басшыларына, қала мен аудан әкімдеріне мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметтер мәселелері туралы арнайы оқыту семинаралар ұйымдастыру бойынша бір қатар ұсыныстар әзірленді.  

 

 




Яндекс.Метрика