Адами капитал

Л.Гирш: ҚР Президентінің еңбегі бәрімізді шабыттандырады

ҚР Президентінің еңбегі бәрімізді шабыттандырады, дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, Ұлы Отан соғысы ардагері Леонид Гирш.
Алматы30 Желтоксан , 11:32

«Елбасымыз ел азаматтарына әрдайым көңіл аударып келеді. Бұл әсіресе ол кісінің ардагерлерге көрсеткен құрметінен байқалады», - дейді ол.

Оның айтуынша, Н.Назарбаевтың басшылығымен әбден қалыптасқан мемлекетіміз барша азаматтардың жағдайын жасап отыр. «Мемлекет басшысы атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалін алу үлкен бақыт», - дейді ардагер.

Астанада 24 желтоқсан күні Индустрия күніне орайластырылған жалпыұлттық телеөткел барысында Нұрсұлтан Назарбаев 22 жаңа жобаны ашты. Олардың арасында Алматы облысындағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы бар.

«Бұл көптен күткен жоба. Қытай Халық Республикасымен бірлесіп қолға алған жобаны Мемлекет басшылары тікелей бақылауда. Жоба арқылы Қытай елімен арадағы жалпы тауар айналымы көлемі артпақ», - дейді.

Ардагердің айтуынша, осындай инновациялық жобалар өте көп. Республиканың дамуында жаңа жұмыс орындары мен жаңа өндіріс көздері пайда болуда. Бұл өз кезегінде азаматтардың өмір сүру деңгейін арттырмақ. 




Яндекс.Метрика