Адами капитал

Елбасының атынан Ақмола облысының ардагерлері құттықталды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Ақмола облысының басшысы Сергей Кулагин көкшетаулық ҰОС ардагерлерін жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола30 Желтоксан , 11:18

Алғашқы болып, Елбасының сәлемдемесін облыс әкімі Сергей Кулагин көкшетаулық, ҰОС ардагері Асылбек Дәулетовке жеткізді.

«Елбасы барлық әкімдерге жаңа жыл қарсаңында ҰОС барлық ардагерлерін құттықтауды тапсырды. Бұл - біз үшін үлкен парыз. Біздерге бейбіт өмір сыйлаған сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз. Сіздердің жағдайларыңызды  Мемлекет басшысы өз бақылауына алып отыр. Сол себепті жаңа жыл мерекесі қарсаңында Елбасының құттықтауын сіздерге жеткізіп отырмыз», - деді өз сөзінде облыс әкімі.

«Осы игі істі бүкіл ел болып, қолға алып отырған халқыма, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына алғысым шексіз. Арада 70 жыл өтсе де, миллиондаған жазықсыз адамдардың өмірін жалмап кеткен қанқұйлы соғыс күні бүгінгідей көз алдымда. Сіздер соғысты көрген жоқсыздар. Біз аға буын өкілдері тағдыр-талайы сол зұлматты жылдармен тұспа-тұс келген ардагерлер ендігі арада әлемде бейбітшілік мықтап орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын мамыражай қалпынан арылмаса екен деп тілейміз», - деп игі тілегін білдірді ардагер.

Сонымен қатар, бұл күні ҰОС тағы бір ардагері Александр Кияткинға да Елбасы атынан құттықтап, жылы лебіздер айтылды.

Еске сала кетейік, бүгінгі күні Ақмола облысында 226 ҰОС ардагері болса, оның 72-і Көкшетауда тұрады.

Осы орайда, облыс әкімі алдағы жылы 75 мың теңгеден ауған соғысының, 150 мың теңгеден ҰОС ардагерлеріне бір реттік әлеуметтік төлемақы беру ретінде көмек көрсету жөнінде ұсыныс бюджетке енгізілгенін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, ол ҰОС қатысқан өңірдегі барлық ардагерлерге осындай құрмет көрсетілетін атап өтті.

 

 

 




Яндекс.Метрика