Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

Павлодар облысында 17 жаңа аурухана мен емхана ашылады

Павлодар облысында « 350 денсаулық сақтау нысаны» жобасы бойынша 17 жаңа емхана мен аурухана, дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарлануда, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан30 Қыркүйек , 16:42

« «350 денсаулық сақтау нысаны» жобасы бойынша  аймақта 17 жаңа денсулық сақтау мекемесі ашылады. Ағымдағы жылдың жазында  Павлодарда 500 орындық емхананың құрылысы басталды, дәл осындай нысан Екібастұзда да ашылмақ. Оған қоса, республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 7 дәрігерлік амбулатория ашылады», - деп хабарламада жазылған.

Айта кетерлігі, бұрын соңды «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша  жалпы құны 6,5 млрд теңгені құрайтын 4 нысан ашылған болатын. Олар: түберкулезге қарсы 210 орындық диспансер, 100  адам қабылдайтын емхана, Железинкада 60 орындық аурухана мен 100 адам ауыстырылымын қабылдайтын емхана және Ақсуда 500 орындық емхана ашылған болатын.

Қазіргі таңда Павлодар облысында 380 мемлекеттік және 117 жеке меншік ұйымдар бар.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика