Инфрақұрылымның дамуы

БҚО-да 160 отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша пәтерге ие болды

БҚО-да 160 отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша пәтер алды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Батыс Қазақстан30 Желтоксан , 10:33

«Көктем» шағын ауданында 100 және 60 пәтерлік екі бесқабатты үй салынды. Құрылысқа республикалық бюджеттен қаражат бөлінді, сонымен қатар жұмсалған қаржының 10 пайызы жергілікті бюджеттен бөлінді. Жалпы есеппен нысанның сметалық құны 800 млн теңгеден астам, ал тұрғын аумағы 10 мың шаршы метрден асады», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев салтанатты түрде пәтер иелеріне жаңа баспана кілтін табыстап, барлығын қоныс тойымен және Жаңа жылмен құттықтады.

«Бүгін біз 160 отбасына «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында өздеріне тиесілі пәтерлерін табыстап жатырмыз. Облыста тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар, балабақшалар, мектептер Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатыр. Президентіміздің бастамасымен халыққа жан-жақты қолдау көрсетіп, құрылысқа қаражат бөлінуде», - дейді әкім.

Оның айтуынша, облыста өнеркәсіптік өндіріс нысандары құрылысы бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда, соның ішінде үй салу комбинатын пайдалануға бердік. Бұл өңірдегі құрылыс қарқынына жан бітірмек.

Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, 2014 жылы жеті  тұрғын үй пайдалануға берілген. Ондағы жалпы пәтерлер саны 736. Пәтер алғандар негізінен жас отбасылар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары мен кезекте тұрғандар. 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 100 және 60 пәтерлік жас отбасыларға арналған екі үй өз иелерін таппақ.




Яндекс.Метрика