Адами капитал

Степногорск қаласында ҚР Президенті атынан ҰОС ардагерлерін құттықтады (Фото)

ТМД елдерінің бірде-бірінде баламасы жоқ жалпыұлттық акция шеңберінде Степногорск қаласының әкімі Мұратбек Тақамбаев ҚР Президенті атынан ҰОС ардагерлерін келе жатқан жаңа жылдарымен құттықтады.
Ақмола 30 Желтоксан, 09:32

«Ақмола медиа орталығынан» хабарлағандай, аталмыш жалпыұлттық акция шеңберінде қала басшысы Мұратбек Тақамбаев шаһардағы ҰОС ардагерлерімен кездесіп, ҚР Президенті атынан құттықтау қағазын табыс етті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз құттықтауында, «Сіздің буындарыңыз соғыс және одан кейінгі жылдары өздерінің жауынгерлік және еңбек ерліктерімен, еліміздің Егемендігінің нығаюына қосқан үлестерімен өскелең ұрпаққа үлгі болды»,- деп атап өтті.

Алғашқы болып қала әкімі Александр Павлович Рыбалкомен кездесті.  87-жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері  әскерге 1944 жылы барған, Қиыр Шығыс майданындағы ұрысқа, Оңтүстік Сахалин мен Курил аралдарын азат етуге қатысқан. Әскери наградалары жетерлік, бейбіт заманда ауыл мектебінің директоры қызметін атқаған - педагогикалық еңбек өтілімі 44 жыл.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының құттықтауын келер жылы тоқсан жасын атап өтуге дайындалып отырған Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Яковлевич Бабин де алды. Ол сұрапыл соғыс жылдары Вятка, Екінші Балтық жағалауы майданында байланысшы қызметін атқарған. Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін»  медальдарымен марапатталған.

Бұдан басқа, Мұратбек Тақамбаев соғыс ардагерлері Николай Васильевич Кузнецов және Алевтина Ивановна Герасимовамен кездесіп, Президенттің құттықтауын жеткізді. Бұл ардагерлерде Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және өзгеде жетістіктері үшін медальдармен марапатталған.





Яндекс.Метрика