Үкімет

Н.Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Желтоксан , 17:41

Мемлекет басшысы кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Елбасы мемлекеттік басқару жүйесінде жүргізілген реформаға және 2014 жылы қабылданған жаңа заңдардың нормаларына жаңа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ережелерін сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.  




Яндекс.Метрика