Ақша-несие саясаты

ҚР Ұлттық Банкі Қытаймен екіжақты келісімге қол қойды

ҚР Ұлттық Банкі мен Қытай Комиссиясы ҚР ҰБ басшысы Г.Марченконың ҚХР жасаған ресми сапарында банктік қызметті реттеу жөнінде екіжақты келісім туралы келісім шартқа қол қойды.
Әлемде30 Қыркүйек , 16:27

Хабарлаға сәйкес, еліміздің бас қаржыгерінің ҚХР жасаған ресми сапары 2013 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында өтті.

«ҚР ҰБ Төрағасы Григорий Марченко мен ҚХР банктік қызметтерді реттеу Комиссиясы Төрағасы Шан Фулинь Қытай мен Қазақстанның банктік секторының дамуы, мен алдағы уақытта екі ел арасындағы банктік реттеудегі әріптестік мәселелері талқылады»,-деп хабарлайды Банктің баспасөз қызметі.

Олардың айтуынша, дәл сол күні Г.Марченко мен Қытай Ұлттық банкінің төрағасы Чжоу Сяочуаньмен ресми кездесуі өтті. Қос қаржыгер екі ел арасындағы қаржылық сала болашағы мен оның дамуындағы оң әрекеттерді талқылады. Сонымен қатар,тараптар нәтижелі бағыттардың бірі ретінде Қазақстан мен Қытай арасындағы ұлттық валюта төлемдері екенін айтты.

 




Яндекс.Метрика