Үкімет

Қорғаныс министрі Н.Назарбаевқа Қазақстан армиясының қамтылуы туралы баяндады

Елбасы қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Желтоксан , 17:37

«И.Тасмағамбетов кездесу барысында Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен келер жылғы міндеттері туралы баяндады», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін әрі қарай жетілдіру мен елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығына назар аударды.

Қорғаныс министрі сондай-ақ Қазақстан армиясын заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 




Яндекс.Метрика