«ҚазТрансГаз» АҚ Түркістан қаласының тағы 400 үйін табиғи газға қосты

«ҚазТрансГаз» АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының бойындағы елді мекендерді газдандыру жөніндегі бекітілген жоспар-кестенің шеңберінде Түркістан қаласының тағы 400 үйін салтанатты түрде газбен жабдықтау жүйесіне қосты, деп хабарлады компания.
Оңтүстік Қазақстан29 Желтоксан , 18:03

«Аталған өңірді газдандыру ағымдағы жылдың наурызында басталып, бүгінгі күнге дейін 600 үй көгілдір отынды пайдаланып отырған болатын, осылайша бүгінгі таңда Түркістан қаласының 5 000-нан астам тұрғыны өз үйлерінде табиғи газ алып отыр», - делінген хабарламада.

Түркістан қаласының қалаішілік газ тарату желілерін салуды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзеге асырды.

Бүгінгі таңда газдандыру жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары 96 000 қума метр көлемінде орындалып, 3 000 үйге тартылды. Орнатылғаны: 18 ШТП, 1 ГТП, 2 ПГБ.




Яндекс.Метрика