Басқару

Мемлекеттік хатшы Түркі академиясының ғылыми-зерттеу қызметімен танысты (ФОТО)

ҚР-ның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Халықаралық Түркі Академиясының ғылыми-зерттеу қызметімен танысып қайтты, деп хабарлады академияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы 29 Желтоксан, 16:28

Г.Әбдіхалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы,  ҚР Конституциянының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын, Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналған  мерекелік шараларға дайындық аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше көңіл бөлді. «Түркі академиясы түркі әлемінің бай рухани-мәдени мұраларын, атап айтар болсақ қазақ мемлекеттілігін, Қазақ хандығының құрылуын  зерттеуде маңызды роль атқарады», - деп атап өтті Г.Әбдіхалықова.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы түркі халықтарының тарихи музейін аралады. Онда түркі халықтарының өздеріне тән ерекшелігі мен тарихынан, мәдениеті мен сол кездегі болмысынан сыр шертетін экспонаттар және көне жәдігерлер қойылған.

Бұдан басқа, академияның кітапханасы таныстырылды. Онда 32 мыңнан астам кітап бар. Айта кетерлік жайт, кітапхана қоры А.Наджип, А.Құрысжанов, А.Қайдар сынды белгілі ғалым-түркітануышлардың еңбектерімен және танымал венгірлік түркітанушы Иштван Коныр Мандоктың  16 мың кітабымен толықтырылды.

Жалпы, Түркі академиясында 30-дан астам түркітанушы орталықтардың мүддесін қорғайтын әлемнің 192 ғалымының қатысуымен 36 ғылыми жоба жүзеге асырылуда.

Айта кетерлік жайт, кездесу соңында Гүлшара Әбдіхалықова,  Халықаралық Түркі академиясының Стратегия-2050, «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауы мен «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруда маңызды зияткерлік алаң болып табылатынын атап өтті. 





Яндекс.Метрика