Басқару

Интеграция жағдайында Түркі академиясының маңызы жоғары – Әбдіқалықова

Интеграция жағдайында Түркі академиясының маңызы жоғары, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық Түркі академиясына барғанда.
Астана қаласы29 Желтоксан , 16:03

«Мемлекет басшысының бастамасымен төрт елдің қатысуымен Түркі академиясы құрылды. Соңғы бірнеше жылда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Биыл академияның орналасу жері мен оның қызметінің әрекеті бойынша арнайы келісім ратификацияланды. Келер жылы академия үлкен маңызға ие болады. Өйткені Елбасы Еуразиялық кеңістікте Түркі елдерінің интеграциясына айтарлықтай көңіл аударуда. Мұнда үлкен зерттеулер жасалып жатыр, алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Қазақстан мен өзге де түркі елдерінде, Америка мен Еуропада конференциялар ұйымдастыру ойда бар», - деді Мемлекеттік хатшы.

«Келер жылы айтарлықтай үлкен оқиғалар күтілуде. Атап айтар болсақ ол Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және ҚР Конституциясының 20 жылдығы мен ҰОС-ның 70 жылдығы», - дейді.  

Сонымен қатар ЮНЕСКО штаб-пәтерінің базасында Қоқыт туралы кітаптың 200 жылдығы салтанатты түрде тойланбақ. «Академия үлкен жұмыстарға мұрындық болады. Әсіресе Қазақ хандығының 550 жылдығы маңызды», - деді Мемхатшы.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика