Адами капитал

Павлодардың ҰОС ардагерлері ҚР Президенті атынан құттықтау алды

Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов ҰОС ардагерлері үйіне барып, Жаңа жыл қарсаңында ҚР Президенті атынан сыйлықтар тарту етті, деп қалалық әкімдіктен хабарлады.
Павлодар29 Желтоксан , 17:18

Болат Бақауов Ұлы Отан соғысының ардагерлері -  Рассказов Вячеслав Васильевичпен, Қыпшақбаев Камельмен, Жайков Лук Николаевичпен және Байжанов Виктор Ишмухамедовичпен кездесті.

Барлық ҰОС ардагерлері қала басшысын жылы шыраймен қабылдады және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетіп отырған қамқорлығына алғысын білдірді. Айта кетерлік жайт, президенттік сыйлық  жиындығына мерекелік дасарханға арналған ас мәзірінің жиынтығы мен құттықтау қағазынан тұрды.




Яндекс.Метрика