ҚР ИИДМБ

Қызылорда облысында ҮИИД МБ-ның 26 жобасы іске асырылуда

ҮИИД МБ бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша Қызылорда облысында Қазақстанның индустриялды картасы аясында 198,8 млрд теңгенің 236 жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды әкімдік.
Қызылорда29 Желтоксан , 17:03

Хабарламада айтылғандай, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысындағы Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында  Мемлекет басшысы дағдарыс кезінде экономиканы бағыттау жұмыстарының жүретінін айтты. Осыған орай экономикаға жан-жақты әсер етіп, халықтың жұмыспен қамту деңгейін арттыратын салалар мемлекеттің қолдауына ие болу керектігін айтты. Басты мақсаттардың бірі – іскерлік белсенділікті арттыру үшін жаңа инвестициялар тартуда жағымды жағдай қалыптастыру.

«Әкімдіктің хабарлауынша, облыста Қазақстанның индустрияландыру картасы аясында 198,8 млрд теңгенің 26 жобасы іске асырылуда. Оларды іске асыру барысында 3186 уақытша жұмыс орны ашылып, ал пайдалануға берілгеннен кейін 3054 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. 137,7 млрд теңгенің 25 жобасы өңірлік картаға енгізілген», - делінген хабарламада.  

Облыстың инвестициялық белсенділігін арттыру мақсатында 2014 жылы шетелдік кәсіпкерлер мен инвесторлардың қатысуымен екі инвестициялық форум өтті. Нәтижесінде экономиканың әр саласында 24 меморандумға қол қойылды.

Әкімдіктің хабарлауынша, қаңтар-қазан айларында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 966,6 млрд теңгені құрап, ондағы физикалық көлем индексі 97 пайыз болды.

Айта кету керек, бірінші кезектегі міндеттемелердің арасында индустриялды-инновациялық даму басқармасы алдағы жылы ҮИИД МБ екінші кезеңінде жаңа өндірістерді салуды көздеп отыр. 2015-2018 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына құрылыс, мұнай өңдеу, машина құрастыру, металлургия саласында 8 инвестициялық жоба енгізілді. Олардың жалпы құны 150,9 млрд теңге болса, ашылатын жұмыс орындары саны 1672. 




Яндекс.Метрика