EXPO-2017

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар таратты

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының өкілдері 25 желтоқсанда Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушілеріне ертеңгілік кезінде жаңа жылдық сыйлықтарды сыйлады, деп хабарлады Ұлттық компания.
Астана қаласы29 Желтоксан , 18:34

Балаларға арнап Аяз Ата, Ақшақар, Мыстан кемпір және басқа да ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен дәстүрлі жаңа жылдық қойылым ұйымдастырылды. Балалар шыршаның алдында қол ұстасып, би билеп, өлең оқып, жұмбақтарды шешті және де әлбетте жаңа жылдық сыйлықтарды асыға күтті. Ертеңгіліктің аяқталуына қарай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған үй-интернатының барлық тәрбиеленушілері кәмпиттер, ойыншықтар мен балалар шығармашылығына арналған жиынтықтар салынған сыйлық-қоржындарды алды.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында сәбилер үйі, балалар үйі, жасөспірімдер үйі, қарттар мен мүгедектерге арналған ұйымдар, психоневрологиялық мекемелерде жаңа жылдық сыйлықтарды табыстау іс-шарасын ұйымдастырды. Біз бүкіл Қазақстан бойынша осындай 30-дан аса ұйымды қамтыдық», - деп ата өтті «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ менеджері Сәуле Бөлебаева.

Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 210 бала күндізгі стационарда өмір сүреді және оған келіп тұрады. Балалармен психологтар, әлеуметтік педагогтар, логопедтер, дәрігерлер мен тәрбиешілер жұмыс жасайды. Олар сурет салуды, ермексазбен мүсін жасауды үйреніп, ән және би сабақтарына барады, үйде еңбек етуге дағдыланады. Интернаттың негізгі міндеті – мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғам өміріне қатыстыру үшін барлық жағдайларды жасау, осы ретте демеушілер мен қайырымдылық көрсетуші жандардың қолдау көрсетуі үлкен маңызға ие.

«Бұл «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен жасалған біздің алғашқы ынтымақтастығымыз. Көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін біздің мекеме атынан ұлттық компанияға алғысымызды білдіреміз. Біздің өзара әрекеттестігіміз жалғасады деп ойлаймын», - деп атап өтті «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ директоры орынбасарының міндеттерін атқарушы Дәурен Талапбергенов.

 




Яндекс.Метрика