Адами капитал

Астанадағы ҰОС-тың 229 ардагеріне ҚР Президенті атынан құттықтау келді (ФОТО)

Жаңа жыл қарсаңында Ұлы Отан соғысының 229 ардагеріне қала басшылығы шеру ұйымдастырып, мерекелік сыяпат көрсетті, деп хабарлайды Астана қалалық ішкі саясат басқармасы.
Астана қаласы 29 Желтоксан, 18:49

«Жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген әлеуметтік саясат саласындағы басым бағыттардың бірі Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне қосымша  әлеуметтік қолдау шараларын көрсету болып табылады. Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдауға ерекше көңіл аударылады», - делінген хабарламада.

Қазақстан Президентінің Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қолдау көрсету бойынша жалпыұлттық науқаны аясында Астана әкімі Елбасы атынан барлық ардагерлерді Жаңа жылмен және алда келе жатқан Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.  

Әділбек Жақсыбеков Ұлы Отан соғысы ардагерлері Терекбай Әбдірахмановқа, Райса Сафоничеваға және Владимир Кальсинге зор денсаулық тілей отырып арнайы сыйлықтар табыстады.

Жыл санап Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің қатары сиреп бара жатыр. Қазіргі таңда Астанада 229 ардагер өмір сүріп жатыр.

Сонымен қатар, елорданың үш ауданының әкімдері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне сыяпат пен құрмет көрсетті.





Яндекс.Метрика