Халықаралық интеграция

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазан авиациялық зауытымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минихановпен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Астана қаласы 29 Желтоксан, 15:33

Кездесуде екі жақты ынтымақтастықтың кең спектрі мен екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланды.

«Біз Қазан авиациялық зауытымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Бұған дейін аталған кәсіпорыннан десанттық-көліктік Ми-17В5 тікұшақтарын сатып алған едік. Қазір осы тікұшақтарды техникалық сүйемелдеу қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан авиация саласындағы техникалық әлеуетті дамыту шеңберінде авиатехникаға қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін авиациялық-техникалық орталықтың құрылысын бастады», – деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Осы жерде ҚР Қорғаныс министрлігінің Қазақстан әскерін әртүрлі модификациядағы КАМАЗ автокөліктерімен жарақтандыруға арналған ұзақ мерзімді жоспары барын атап өткен жөн. Қазақстандық кәсіпорындарда жекелеген тораптар мен агрегаттарды (электронды аппаратуралар, резиналық-техникалық және шанақтық өнімдер, арнайы жабдықтар мен өзге де жиынтықтар) өндірісін игеруді жоспарлап отыр. Бұл өнімдер кейіннен «КАМАЗ» ашық акционерлік қоғамының құрастыру зауыттарына жеткізілетін болады.

Кездесу Қазақстан мен Татарстан кәсіпорындарының мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін толық зерделеуге, сондай-ақ ары қарайғы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.





Яндекс.Метрика