Адами капитал

Ақтөбеде бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандум жасалды

Ақтөбе қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ірі бөлшек сауда кәсіпорындарымен және азық-түлік базарларымен меморандумға қол қойды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе29 Желтоксан , 17:32

Қол қойылған меморандумдар ауқымында ірі сауда желілері («Әнуар», «Дина») тауардың кіріс бағасына 10 пайыздық үстемемен шектеледі.

«Азық-түлік сауда базарлары  өз кезегінде Тұрақтандыру қорларынан азық-түлік тауарларын өткізу үшін жеңілдікті шарттармен сауда орындарын ұсынуға және жалдаушылар үшін қызметтерді  негізсіз көтеруге жол бермеуге міндеттенеді», - делінген хабарламада.

Келісімдердің міндеті - қала халқын сапалы және қолжетімді азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастық тетігін орнату. Ынтымақтастық екі бағыт - бағаны ұстап тұру және баға ұсыныстары жөнінде ақпарат алмасу бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге, меморандум міндеттерінің бірі Тұрақтандыру қорынан азық-түліктерді өткізуді жүзеге асыру үшін «Сапа маркет» супермаркетінде «әлеуметтік бұрыш» жасау болмақ, онда сауда үстемесі 10 пайыздан аспайды.

Оның айтуынша, қала әкімдігі әлеуметтік жауапкершілік арқалаған кәсіпкерлердің барлығына ақпараттық қолдау көрсетеді, сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін ішкі нарықта, соның ішінде Ақтөбе қаласының желілік дүкендерінде ілгері жылжытуға жәрдемдеседі.

 

 




Яндекс.Метрика