Мәдениетті жаңғырту

Мектептердегі хор сабақтарын қайта жандандыру керек – Мұсақожаева (ФОТО)

Халықтың музыкалық мәдениетін көтеру үшін мектеп бағдарламасындағы ән-күй сабақтарын жандандыру керек, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, «Шабыт» өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева.
Астана қаласы 29 Желтоксан, 13:02

«Халықтың музыкалық мәдениетін көтеру үшін халықтың зияткерлік деңгейін дамыту үшін арнайы бағдарлама қабылданып, мектеп бағдарламасындағы ән-күй сабақтарын жандандыру керек. Бүгінгі таңда біз өмір сүру сапасын арттыруды көбірек айтамыз, дегенмен өнерді биікке көтермей, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру қиын. Мектеп бағдарламаларындағы ғылым пәндерін басты назарда ұстай отырып біз мәдени құндылықтарды ескермей жатамыз», - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда мектеп бағдарламаларындағы бұрындары өткізілген ән-күй мен би және хор сабақтары қазірде кенже қалып, қазірде олар негізінен ақылы сабақтарға айналып кеткен.

«Халықтың мәдениетін  көтеру үшін бүгінгі таңда мемлекет тарапынан ауқымды шаралар қолға алынуда. Шет елдердің үздік оқу орындарында шығармашылықтарын шыңдап, әлем мәдениетінен сусындап қайтқан жастар болашақта елдің мәдени өрлеуіне сеп болмақ. Осы орайда «Болашақ» бағдарламасында да биылдан бастап арнайы шығармашылық қызметкерлерге бөлек санат енгізіліп, Президент стипендиясының бір бөлігін шығармашылық жастарға беру көзделіп отыр. Бұдан бөлек елдегі оқу орындарының шет елдік әріптестерімен арадағы академиялық мобильділік бағдарламасы да өз жемісін беруде», - дейді ректор.

Сонымен қатар,  ректор келер жылдан бастап мәдениет саласындағы білім ошақтарының Білім және ғылым министрлігінен Мәдениет және спорт министрліктеріне өтетінін айта келіп, бүгінге дейін елдегі мәдениет саласының Білім және ғылым министрлігі қарамағында да үлкен жетістіктерге жеткенін, ал алдағы уақытта құзіретті органның ауысуы үлкен жаңалықтарға бастау болатынынан үмітті екенін жасырмады. 

Бауыржан Мұқанов

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика