Мәдениетті жаңғырту

«Астана Опера» «Карло Феличе» театрында өнер көрсетеді

«Астана Опера» театрының балеттік труппасы көне «Карло Феличе» театрының әйгілі сахнасында (Генуя) алғаш рет өнер көрсетеді.
Әлемде29 Желтоксан , 19:09

Гастрольдік бағдарламаның басты құндылығының бірі өткір драматургияға қанық, көркем бейнелер кеңінен көрсетіліп, қиялдандырып-толғандыратын екпіні ғажап А. Хачатурянның керемет музыкасына жазылған «Спартак» қойылымы болып табылады. Аталған спектакльді қою туралы шешім кездейсоқ қабылданған жоқ, себебі ол күні бүгінге дейін көрерменді еліктіреді және жоғары сұранысқа ие.

Аты әлемге танылған теңіз саяхатшысы Христофор Колумбтың отанына қазақстандық балеттің құрамы 85 адам болып аттанады. Спектакльге генуялық театрдың симфониялық оркестрі қатысады, дирижерлық тізгінде – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаханов.  

Генуя қаласының Басты опера және балет театрының негізі 1824 жылы қаланған, оған екі жарым мың көрермен сыяды. Классикалық емес ғимарат Пьяцца де Феррариде орналасқан (Piazza De Ferrari), театр Герцог Карло Феличенің (Duke Carlo Felice) құрметіне аталған.

«Мұндай әйгілі театрдан шақыру алу – үлкен құрмет. Алдымызда жауапты міндет тұр – Қазақстан өнерін тіс қаққан итальяндық көрерменге лайықты деңгейде көрсету. Біз Қазақстанға және соның ішінде біздің театрымызға келуге қызығушылығы оянатын жаңа табынушыларға қол жеткіземіз деп үміттенеміз», - дейді «Астана Опера» балетінің көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев.   

Итальяндық театрдың арт директоры Джузеппе Акуавива өз кезегінде, «Карло Феличе» «Астана Опера» балеттік труппасы үшін Еуропаға жол ашатынын атап өтті. 




Яндекс.Метрика