Өңірлер

Ақтөбе облысында ветенария бөліміне 13 арнайы автокөлік табысталды

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Жұмағазиев Ақтөбе қаласы мен аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің басшыларына мал тасуға арналған 13 арнаулы «КАМАЗ» автокөліктерінің кілттерін табыс етті, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе29 Желтоксан , 16:18

Бұл автокөліктер жол талғамайтындығымен ерекшеленеді және малды тиеуге ыңғайлы электромеханикалық сатысы бар, санитарлық союға жіберілген малдарды мал сою орындарына тасуға арналған.

Ветеринариялық және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Агробизнес-2020» бағдарламасындағы басты бағыттардың бірі болып табылады.

Осы мақсатта облыста құрылған ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтылуда. Үстіміздегі жылдың қараша айында 13 ветеринариялық станцияға биологиялық қалдықтарды жоюға арналған жылжымалы инсинераторлар сатып алынған болатын.

Облыста атқарылған шаралар ветеринариялық ұйымдардың өңірде ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмысының нәтижелі болуына оң әсерін тигізеді.

 




Яндекс.Метрика