Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемге әйгілі мемлекет болып қалыптасты

Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының еліміздің аса қастерлі мерекесі – Тәуелсіз күніне байланысты өткен салтанатты шарада тебірене сөйлеген сөзін тыңдап, егеменді еліміздің ертеңіне деген сенім құшағына кенелдік, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбтында Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Көштаев.
Казахстан29 Желтоксан , 15:03

«Тәуелсіздік  – өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш және келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік. Біз Тәуелсіздігімізге тәу етіп, тәубе деп, тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз» деген жүрек тебіренісіне қалайша тәубе демеске.Шынында еліміздің Тәуелсіздігін алған азғантай жылдар ішінде әлемге әйгілі елге айналуы тектен­тек болмаса керек»,-  Б.Көштаев.

 Осы жылдарда елімізде қаншама қыруар істер атқарылып, ел­халықтың еңсесі тіктелді. Кешегі кеңес үкіметі кезінде басшылық қызметте болғандықтан өткен жылдардың соқпақты кезеңдері менің көз алдымда көлбеңдей тұрады.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп орындары жарыса жабылып, ауылдағылар абдырап, жұртшылықтың қиындық көргені ащы да болса ақиқат. Жоғарыда айтқандай, Елбасымыздың сарабдал саясаты арқасында еліміз еңсесін қайта тіктеп, ауқымды істер атқарылып, асулар алынды. Сыр аймағы да адам танымастай түрленді. Кіші Арал теңізі қайтып келді. Қаламыз көріктеніп, ауылдарымыз ажарланды. Егін шаруашылығы өркен жайып, ата кәсібіміз – мал шаруашылығы да молшылықтың қайнар көзіне айналды», - деді ол.

Соңғы кезде «Сексеуіл­Жезқазған» темір жолы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралы, “Бейнеу­Бозой­Шымкент” магистральды газ құбыры салынуы айтқан сөзімізге айғақ болса керек. Елбасымыздың Жолдауындағы “Қарағанды­Жезқазған­Қызылорда” автожолы құрылысының басталатындығы жайлы байлам бізді, сырбойылықтарды қуаныш құшағына кенелтіп отыр. Елбасымыз тәуелсіздік толғауында айтқандай, табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – ортақ парыз, ағайын! 




Яндекс.Метрика